«Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Коммунальное государственное казенное предприятие « Ясли-сад «Жауқазын» отдела образования Индерского района управления образования Атырауской области»
Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Тәуелсіздік көшесі 13
Байланыс телефон:
8(71234) 23- 5 — 16
Бөбекжай туралы
Жұмыс істей бастады: 2013 жыл қыркүйек
Кәсіпорынның мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Тәуелсіздік 13. Пошталық индексі 060203
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-жұма 08:00-ден 18:30-ға дейін
Топтар саны: 4
Балалар саны: 82
Штаттың жалпы саны: 31
- Ұйым атауы: Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Жауқазын» бөбекжай –бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Ұйым туралы мәлімет: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31- бабының І тармағы 20 тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусым №201 Жарсуат ауылынан «Атырау облысы Индер аудандық әкімдігінің Жауқазын балабақшасы»КМҚК ашу туралы қаулысы негізінде, типтік жоба бойынша 1987 жылы салынған, жобалық қуаты 90 орындық балабақшаға жәй жөндеу жұмысы жүргізіліп, 2013 жылғы қыркүйек айынан бастап 2 топпен ашылып, 45 бала қабылданып жұмыс жасады.
«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің «Жауқазын» бөбекжай –бақшасы» болып өзгертілді.
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы 90 орындық. Оқу-тәрбие жұмысы 4 топта қазақ тілінде жүреді.
Бөбекжай арнай білікті мамандармен қамтылған. Топтардың барлығы заман талабына сай жасақталған. Жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылған. 2024-2025 оқу жылында педагогтар саны 14. 1 педагог – педагог сарапшы, 7 педагог- модератор, 6 педагогтың санаты жоқ. Қызметкерлер саны- 17.
Балабақшада 4 топпен, 1- меңгеруші, 1- әдіскер, 1- психолог, 1-медбике, 1- оқшау, 1-кір жуу, 1- асхана кабинеттерімен және санитарлық қағидаға тиісті сәйкесінше жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Hi, this is a comment.
To get started with moderating, editing, and deleting comments, please visit the Comments screen in the dashboard.
Commenter avatars come from Gravatar.